О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қантарда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде № 14613 болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
104-1 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«II бөлім «Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер» Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан жүргізілген төлемдердің сомасын көрсетеді.»;
13-1 қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А.Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 27 қазаны
№ 1048
Бұйрыққа қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттiк
есептiлiктi жасау және ұсыну
қағидаларына
13-1-қосымша
Мерзімділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Атауы
Үдемелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу
1
2
I. Кірістер
Салықтық емес түсімдер, барлығы
Оның ішінде түсімдер коды бойынша:
II.Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер
ІІІ. Кірістер мен төлемдер сальдосы
IV. Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы
\
V. Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы
Ведомствоның басшысы ________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мөр орны
Деректерді қалыптастыруға жауапты,
ведомствоның құрылымдық бөлiмшесiнiң
басшысы _______ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)