О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 238 «Об утверждении Правил проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи, требований к операторам связи по оказанию универсальных услуг связи, перечня универсальных услуг связи и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Пошта туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсететін операторларды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін айқындайды.»; 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;»; 15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы (тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы куәландырған электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесін;»; көрсетілген қаулымен бекітілген байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » ________ № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысымен бекітілген Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі Р/с № Әм­бе­бап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы 1 2 Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар сек­то­рын­да бе­кі­ті­л­ген бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­нің тіз­бе­сі 1. Ин­тер­нет же­лі­сіне қо­сы­лу жыл­дамды­ғы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дей­ін­гі же­ке қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі 2. Ин­тер­нет же­лі­сіне қо­сы­лу жыл­дамды­ғы 8 Мбит/с-тан астам тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­ле­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы бой­ын­ша же­ке қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі 3. Ин­тер­нет же­лі­сіне же­ке қол­же­тім­ді­лік қыз­ме­ті бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­на­тын або­нент­тер­ді қо­с­па­ған­да, жер­гі­лік­ті бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі По­шта бай­ла­ны­сы сек­то­рын­да бе­кі­ті­л­ген бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­нің тіз­бе­сі 4. Тір­кел­мей­тін хат­ты жi­бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 5. Тір­кел­мей­тін по­шта кар­точ­ка­сын жi­бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 6. Тір­кел­мей­тін бан­де­роль­ді жi­бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 7. Жа­з­ды­рып алы­на­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын та­ра­ту бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ____________________________________________________