О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2018 года № 118 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения достоверности сумм превышения налога на добавленную стоимость и критериев степени риска» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16426 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары мен тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарында: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Мынадай: ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар (осы құқықты қолдануға қарамастан); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген Республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес инвестициялық жобаны іске асыратын; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес салық төлеушілер бойынша осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты ғана қолданылады; Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын; өткізу кезінде ҚҚС сомасын есептеу ҚҚС бақылау шотын пайдалана отырып жүргізілген, сатып алынған (алынған) тауарлар бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы бөлігінде ғана қолданылатын ҚҚС бақылау шоты осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты ғана қолданылады. Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалаудың нәтижелері бойынша алынған балдардың жиынтық қорытындысы нөлге теңеледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға жатады.