О внесении изменений в решение районного маслихата от 2 марта 2018 года № 194 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Айтекебийском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 «Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 «Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-143 тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесінде: «және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына» деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.