О внесении изменений в решение маслихата от 2 марта 2018 года № 245 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің артуы туралы»;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.