О внесении изменений в постановление акимата Джангельдинского района от 2 августа 2019 года № 105 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, спорта и развития языков являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста
Басқа 0
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 105 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 105 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Жангелдин ауданы экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2026 жылғы № _____ қаулысына
қосымша
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 105 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы (директор),
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының меңгерушісі (басшысы),;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 4
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақша 5
5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 6
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
Тармақша 4
4) библиограф;
Тармақша 5
5) кітапханашы;
Тармақша 6
6) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 7
7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 8
8) музыкалық жетекші;
Тармақша 9
9) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 10
10) хореограф;
Тармақша 11
11) дыбыс режиссері;
Тармақша 12
12) барлық мамандық мұғалімдері;
Тармақша 13
13) режиссер;
Тармақ 3
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) спорт-нұсқаушы;
Тармақша 2
2) спорт-әдіскер.