Об утверждении Правил установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации и внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 113 «Об установлении случая наличия возможности одного лица самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определять решения юридического лица иным образом» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидаларын бекіту және «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 4) тармақшасының бесінші абзацына, 10) тармақшасының үшінші абзацына, 11) тармақшасының үшінші абзацына, 35) тармақшасының бірінші абзацына, 9-бабы 5-тармағының 8) тармақшасына, 6-тармағының 6) тармақшасына, 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы»; кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігі болуының бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаны немесе оның лауазымды тұлғасы (тәуелсіз директорды қоспағанда) және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) қаржыландыратын тұлғаның лауазымды тұлғасы және (немесе) басшы қызметкері (тәуелсіз директорды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлға болып табылмайтын ұйымды (бұдан әрі – бақылаудағы ұйым) заңды тұлғаның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыру жағдайы белгіленсін. Осы тармақтың мақсаттары үшін: бақылаудағы ұйым деп заңды тұлға немесе шешімдерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға болып табылмайтын ұйым не шешімдерін заңды тұлға дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлға; заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлға деп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдерін дербес не бірлесіп айқындайтын заңды тұлға не заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен айқындайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі.».
Тармақ 3
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 56 қаулысымен бекітілген Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 1-бабы 4) тармақшасының бесінші абзацына, 10) тармақшасының үшінші абзацына, 11) тармақшасының үшінші абзацына, 35) тармақшасының бірінші абзацына, 9-бабы 5-тармағының 8) тармақшасына, 6-тармағының 6) тармақшасына, 12-тармағына сәйкес әзірленді және бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Банктің ірі қатысушысының белгілерін анықтау мақсатында жеке немесе заңды тұлғаның банк қабылдайтын шешімдерге (дауыс беру) банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ету жағдайына:
Тармақша 1
1) қарыз бойынша банк үшінші тұлғалардан осындай қарыздарды тартатын талаптарға қарағанда төмен сыйақы алу;
Тармақша 2
2) банктің банкте орналастырылған депозиттер бойынша ұқсас депозиттер бойынша өзі үшінші тұлғаларға ұсынатын талаптардан төмен сыйақы төлеуі;
Тармақша 3
3) банкке сыйақы төлеу, негізгі борышты және (немесе) өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас операцияларға қарағанда көбірек көлемде мерзімді кейінге қалдыруды ұсыну сияқты кез келген талаптардың бірімен банкке осы банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын мөлшерде қаржыландыру ұсыну жатады.
Тармақ 3
3. Банк холдингінің белгілерін белгілеу мақсаттары үшін заңды тұлғаның банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге (дауыс беруге) өзгеше түрде тікелей және (немесе) жанама ықпал ету жағдайына Қағидалардың 2-тармағында көзделген талаптарда банкке осы банктің меншікті капиталының жиырма бес пайызынан асатын мөлшерде қаржыландыру ұсыну жатады.
Тармақ 4
4. Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер Банктер туралы заңның 9-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның еншілес ұйымдарына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамына және олардың еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп (жиырма бес немесе одан көп) пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары (бұдан әрі – дауыс беретін акциялар) болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды бірлесіп банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлғалар деп тану мақсаты үшін олардың банк шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ету жағдайларына мына жағдайлар жатады:
Тармақша 1
1) мұндай иеленуді он немесе одан көп тұлға ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ Қағидаларға қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржаларының тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда, екі немесе одан көп тұлғаның жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп (жиырма бес немесе одан көп) пайызын қатарынан күнтізбелік тоқсан күн ішінде бір тұлғадан иеленуі;
Тармақша 2
2) дауыс беретін акцияларды сенімгерлік басқаруға қабылдайтын тұлғалардың бірі банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) болған жағдайларды қоспағанда, екі немесе одан көп тұлғаның жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп (жиырма бес және одан көп) пайызын қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде бір тұлғадан сенімгерлік басқаруға алуы.
Тармақ 6
6. Бақылау белгілерін анықтау мақсаты үшін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін өзгеше түрде айқындау мүмкіндігінің болу жағдайына бір заңды тұлғаның оның лауазымды тұлғасы (тәуелсіз директорды қоспағанда) және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) немесе құрылтайшысы қаржыландыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымды тұлғасы және (немесе) басшы қызметкері (тәуелсіз директорды қоспағанда) болып табылатын басқа заңды тұлғаны немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымды (бұдан әрі – бақылаудағы ұйым) бақылаудағы ұйымның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыру жағдайы жатады. Осы тармақтың мақсаттары үшін: бақылаудағы ұйым ретінде шешімдерін банк дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым немесе шешімдерін заңды тұлға дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын банк болып табылатын заңды тұлға түсініледі; дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындайтын тұлға ретінде банк шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын банк түсініледі.
Тармақ 7
7. Ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау мақсаты үшін дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарының жиырма және одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану не оларға билік ету жағдайларына бір тұлғаның бақылауындағы екі және одан көп банк жиынтығында бір ұйымның дауыс беретін акцияларының, қатысу үлестерінің, пайларының, үлестік қатысудың басқа да нысандарының жиырма және одан көп пайызын иелену жағдайы жатады.
Тармақ 8
8. Қағидалардың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес тұлға (тұлғалар) (бірлесіп сәйкес келетін) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) егер осы тұлға Қағидалардың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген белгілерді көрсетілген мерзімде жою жөніндегі шараларды қолданбайтын (осы тұлғалар қолданбайтын) жағдайда, оған (оларға) оның (олардың) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне сәйкес келетіні (бірлесіп сәйкес келетін) мәлім болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тиісті мәртебені иеленгені туралы өтінішті ұсынады. Банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін жою туралы шешімді қабылдау туралы ақпарат уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу ұсынылады. Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысының Қағидалардың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген белгілері жойылғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бұл туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органға дереу хабарлайды. Қағидалардың осы тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін (бірлесіп сәйкес келетін) тұлғаға (тұлғаларға) уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз Банктер туралы заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Басқа 1.1. Халықаралық қор биржаларының тізімі
Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидаларына қосымша Халықаралық қор биржаларының тізімі
Тармақ 1
1. Австралия қор биржасы (Australian Securities Exchange)
Тармақ 2
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
Тармақ 3
3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)
Тармақ 4
4. Амстердамдағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
Тармақ 5
5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX).
Тармақ 6
6. Афина қор биржасы (Athens Stock Exchange (ATHEX)
Тармақ 7
7. Бомбей қор биржасы (Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
Тармақ 8
8. Бразилия қор биржасы (B3 S.A. – Brasil, Bolsa, Balcão)
Тармақ 9
9. Брюссельдегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
Тармақ 10
10. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange)
Тармақ 11
11. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
Тармақ 12
12. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)
Тармақ 13
13. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)
Тармақ 14
14. Ирландия қор биржасы (Euronext Dublin)
Тармақ 15
15. Испания біріккен қор биржасы (Bolsas y Mercados Españoles (BME), Spain)
Тармақ 16
16. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
Тармақ 17
17. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Johannesburg Stock Exchange, South Africa)
Тармақ 18
18. Копенгаген қор биржасы (Nasdaq Copenhagen)
Тармақ 19
19. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
Тармақ 20
20. Лиссабондағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).
Тармақ 21
21. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
Тармақ 22
22. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
Тармақ 23
23. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
Тармақ 24
24. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)
Тармақ 25
25. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
Тармақ 26
26. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
Тармақ 27
27. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
Тармақ 28
28. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
Тармақ 29
29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
Тармақ 30
30. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)
Тармақ 31
31. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
Тармақ 32
32. Париждегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
Тармақ 33
33. Ресей Федерациясының қор биржасы (Мәскеу биржасы ЖАҚ)
Тармақ 34
34. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
Тармақ 35
35. Стамбул қор биржасы (Borsa İstanbul A.Ş.)
Тармақ 36
36. Стокгольм қор биржасы (Nasdaq Stockholm)
Тармақ 37
37. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
Тармақ 38
38. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
Тармақ 39
39. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange)
Тармақ 40
40. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
Тармақ 41
41. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)
Тармақ 42
42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
Тармақ 43
43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
Тармақ 44
44. Швейцария қор биржасы (SIX Swiss Exchange)
Тармақ 45
45. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)