О внесении изменения в постановление акимата Курмангазинского района от 2 мая 2019 года № 164 «Об утверждении коэффициентов зонирования (К зон), учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Курмангазинского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4396 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.