О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 сентября 2019 года № 953 «Об утверждении Требований к трехкомпонентной интегрированной системе и ее учету, Правил ее установки и применения» Күшін жойған
Басқа 0
«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы
2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ҮИЖ жұмысы:
1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан тұратын (бұдан әрі – БКМ) бақылау құрамдасын;
2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден тұратын (құрылғы) ҮИЖ төлем құрамдасын;
3) ҮИЖ есепке алу құрамдасын (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама) қамтитын аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. ҮИЖ:
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (немесе құрылғылар) арқылы қабылдауды;
2) Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына (бұдан әрі – ФДО) деректерді берудің хаттамасы бойынша қосуды және ҮИЖ бөлігі болып табылатын БКМ арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына беруді;
3) Салық кодексінің 412-бабына сәйкес Комитеттің «Электрондық шот-фактуралар» (бұдан әрі – ЭШФ) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) тіркеуге жататын құжаттарды, оларды ЭШФ АЖ-де тіркеуге беруді, сондай-ақ виртуалды қоймаларды қалыптастыру мақсатында «Виртуалды қойма» модулінің бизнес-процестерін іске асыруды, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ТІЖ), ТІЖ негізінде электрондық шот-фактураны қалыптастыру;
4) осы Талаптарға сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын ҮИЖ-де құжаттарды қалыптастыруды;
5) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды (функциялар немесе операциялар барлық ашық жолдарды толық толтырмай орындалған жағдайда, жүйе пайдаланушыны тиісті хабарламамен хабардар етеді);
6) қоймалық және сауда жабдығымен жұмыс істеу және принтер мен штрих-код сканерін қолдау мүмкіндігін;
7) ҮИЖ-де есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолданумен және (немесе) қолданбай жүзеге асырылуын;
8) ҮИЖ пайдаланушылар үшін қажетті қосымша сервистерді іске асыруды қамтамасыз етеді. ҮИЖ-нің жұмыс істеу шартттары өзгерген жағдайда ҮИЖ-нің осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу талап етіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. ҮИЖ мынадай құрамдастарды:
1) мынадай функционалдық модульдерден тұратын есепке алу құрамдасын:
қоймалық есепке алу модулін (тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) қозғалысы);
кірістер мен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу модулін;
жалақы және персоналды басқару модулін (бұдан әрі – ЖПБ);
салықтық есепке алу және тіркелімдер модулін;
интеграция модулін;
ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулін;
АБК сервері мен ҮИЖ клиенттік бөлігі арасында байланыс болмаған кезде тауар чектерін беру бойынша модулін;
2) төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше электрондық-механикалық құрылғылармен, бір немесе әртүрлі банктерде төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына төлемдерді жедел есептей отырып, төлем карточкаларын пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және (немесе) мобильдік қосымшаларымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін модульден тұратын төлем құрамдасын;
3) мынадай функционалдық модульдерден тұратын, «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген БКМ-ге қойылатын техникалық талаптарға, сондай-ақ «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру қағидаларына сәйкес бақылау құрамдасын:
ФДО серверіне деректерді беру және фискалдау модулін;
акцизделетін тауарларды бақылау модулін;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулін қамтиды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. ҮИЖ есепке алуын Комитет модельдерді ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:
1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ құқық иеленушісі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды:
осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай тізілімге ҮИЖ модельдерін енгізу туралы өтінішті;
өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты: бір және (немесе) бірнеше БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйе;
ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжатты;
ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні ұсынады;
Бұл ретте, ҮИЖ эталондық үлгісіне БКМ жаңа моделін және (немесе) модельдерін, және (немесе) бұрында ҮИЖ модельдерінің Бірыңғай тізіліміне енгізілген, ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғы) және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) қосқан кезде, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша акті талап етілмейді.
2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
мыналарды:
өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін;
бақылау-касса машиналардың мемлекеттік тізілімінде БКМ моделінің және (немесе) моделдерінің болуын тексереді;
Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды береді;
3) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды тұлғасы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың осы Талаптарға сәйкестігі тұрғысында сараптама жүргізеді;
сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;
ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізеді.»;
талаптарға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдастағы интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларында:
қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
Басқа 1. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі – ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 395 Бұйрыққа
1 қосымша
Үш құрамдасты интеграцияланған
жүйеге және оны есепке алуға
қойылатын талаптарға
қосымша
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі – ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш
Тармақ 1
1. ҮИЖ құқық иеленушісінің атауы
_____________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)___________________
Тармақ 3
3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта көрсетіңіз):
☐ тіркеу ☐ өзгерту
Тармақ 4
4. ҮИЖ құқық иеленушісінің орналасқан жері
облысы____________________________________қаласы_________________________________
ауданы____________________________________ көшесі_________________ үй _____________
Тармақ 5
5. ҮИЖ атауы____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Тармақ 6
6. ҮИЖ компоненттерінің атауы:
Тармақша 1
1) бақылау құрамдасы (деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы және
(немесе) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және беру
функциясы бар бақылау-касса машинасы)
Тармақ 1
1. __________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. __________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. __________________________________________________________________________
Тармақ 4
4. __________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. __________________________________________________________________________
Тармақша 2
2) ҮИЖ төлем құрамдасы (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе (құрылғы) және (немесе)
жүйелер (құрылғылар)
Тармақ 1
1. __________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. __________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. __________________________________________________________________________
Тармақ 4
4. __________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. __________________________________________________________________________
Тармақша 3
3) ҮИЖ есепке алу құрамдасы (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және
тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1)
тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Тармақ 7
7. ҮИЖ құқық иеленуге рұқсатты растайтын құжаттың нөмірі, бағдарламалық өнімді сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 8
8. Өнім классы_______________________________________________________________
Тармақ 9
9. ҮИЖ әзірлеуші_____________________________________________________________
Тармақ 10
10. Нұсқасы _____________________________ҮИЖ әзірлеу күні _____________________
Тармақ 11
11. ҮИЖ әзірлеушінің орналасқан жері
облысы _______________________________________ қаласы _______________________
ауданы ______________________________ көшесі___________________ үйі ___________
Тармақ 12
12. Мен, ____________________________________________________________________
өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын және барлық қоса беріліп отырған
құжаттардың жарамды екенін растаймын.
__________ парақ қоса беріледі.
ҮИЖ құқық иеленушісі __________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________
Басқа 2. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу,
өзгерту және шығару туралы өтініш
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 395 Бұйрығына
2 қосымша
Үш құрамдасты интеграцияланған
жүйені орнату және қолдану
қағидаларына
1-қосымша
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу,
өзгерту және шығару туралы өтініш
Тармақ 1
1. ҮИЖ пайдаланушысының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)_________________________________________________
Тармақ 2
2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) ______________________________________
________________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта көрсетіңіз):
☐ тіркеу ☐ өзгерту ☐ шығару
Тармақ 4
4. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта көрсетіңіз):
☐ бағдарламалық-аппараттық кешен;
☐ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан (бұдан әрі – БКМ), қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) және (немесе) жүйелерден (құрылғылардан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұратын интеграцияланған жүйе.
Тармақ 5
5. ҮИЖ атауы ______________________________________________________________________
Тармақ 6
6. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні __________________________
__________________________________________________________________________________
Тармақ 7
7. ҮИЖ құқық иеленушісі қорытындысының нөмірі және күні _____________________________
__________________________________________________________________________________
Тармақ 8
8. ҮИЖ пайдалану орны:
Облысы_______________________________________қаласы (ауданы)______________________
кенті (ауылы) _________________________көшесі_____________________ үйі________________
Тармақ 8.1
8.1 Сауданы басқарудың, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың және тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – есепке алу жүйесі) атауы __________________________________
__________________________________________________________________________________
Есепке алу жүйесінің сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
Есепке алу жүйесінің тіркеу күні________________________________________________________
Тармақ 8.2
8.2 БКМ туралы ақпарат:
№
БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің атауы
БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің зауыттық нөмірі
БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің шығарылған жылы
БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркелген күні
БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркеу нөмірі
1
2
3
4
5
Тармақ 8.3
8.3 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы) туралы ақпарат:
№
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) атауы
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйені (құрылғыны) сәйкестендіру/зауыттық нөмірі
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) тіркелген күні
1
2
3
4
5
Тармақ 9
9. Мен, өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын растаймын_________________________________________________________.
ҮИЖ қолданушы ________________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________