О внесении изменения в постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 2 апреля 2019 года №87 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 2 апреля 2019 года №87 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі №87 «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 286
- Қабылданған күні
- 23.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2021 137362_524038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SM005747
- ЭКБ идентификаторы
- 137362
- Редакция идентификаторы
- 137362_524038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:13
0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі №87 «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі №87 қаулысына (2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5299 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 желтоқсаны
№ 286 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 сәуір №87
қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№
р/н
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота
пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2 %
1
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
70
2 %
1