О внесении изменений в решение акима Мактааральского района от 2 мая 2020 года № 2 «Об объявлении чрезвычайной ситуации» Күшін жойған
Басқа 0
Мақтаарал ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 7 «Төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 12 мамырдағы №4 хаттамасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 мамырдағы №7 «Төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне (2020 жылғы 06 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, Жаңажол ауылдық округі Жеңіс, Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық, Ақжол, Арайлы елді мекендерінде, Еңбекші ауылдық округі Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлытаң, Шұғыла, Жантақсай елді мекендерінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.».
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
«2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Төребеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.».
Тармақ 2
2. «Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.