О признании утратившим силу приказа Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 июля 2020 года № 31 «Об утверждении Методики организации и проведения выборочного обследования домашних хозяйств по уровню жизни» Қолданыста
Басқа 0
«Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 31 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 31 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20922 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.