О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 353 «Об организации и проведении мирных собраний» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы «Қамысты ауылының Ержанов - Ленин көшелерінің қиылысынан Ержанов - Косма көшелерінің қиылысына дейін» жолы жаңа редакцияда жазылсын: «Қамысты ауылының Ержанов - Тәуелсіздік көшелерінің қиылысынан Ержанов - Косма көшелерінің қиылысына дейін».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.