О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 2 ноября 2020 года № 565 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шалқар аудандық мәслихатының «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7650 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік көмек шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.»;
9 тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.