О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 633 «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка» Күшін жойған
Басқа 0
«Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 2 қазандағы
№ 633 қаулысымен
бекітілген
Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-8-тармағына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда базарларының қызметін ұйымдастыру тәртібін, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы Қағидалар сауда базарының барлық субъектiлерiне және объектілеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) автодүкен – сауда жабдығымен жарақталған арнаулы автокөлiк құралы (тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде арнаулы көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс);
Тармақша 2
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
Тармақша 3
3) әкімшілік аймақ – сауда базарының сауда базары әкімшілігінің үй-жайлары орналасқан аймағы;
Тармақша 4
4) бөлшек сауда базары – соңғы тұтынушыға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке, тұрмыстық және отбасылық пайдалану үшін қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау және тауарларды сату жүзеге асырылатын сауда базары;
Тармақша 5
5) бөлшек сауда – сауда базарының субъектілері соңғы тұтынушыға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, жеке, тұрмыстық және отбасылық пайдалану үшін тауарларды сату бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет;
Тармақша 6
6) вендинг автоматы – тауарларды сатуды жүзеге асыратын автоматтандырылған құрылғы және тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға, автоматтандырылған жүйелердің көмегімен сатушының қатысуынсыз өткізуге арналған аппарат;
Тармақша 7
7) дүкен – сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген күрделі стационарлық құрылыс немесе оның бір бөлігі;
Тармақша 8
8) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орнына есептелген, сауда залы мен азық-түлік тауарларын сақтауға арналған үй-жайлары жоқ, сауда жабдығымен жарақталған, тасымалданатын күрделі емес құрылыс;
Тармақша 9
9) жылжымалы сөре – арнайы белгіленген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);
Тармақша 10
10) коммуналдық сауда базары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын, осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қоса алғанда, негізінен азық-түлік тауарларымен сауда жүзеге асырылатын сауда базары;
Тармақша 11
11) көтерме сауда базары – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау және кейіннен сатып алушыға сатуға арналған тауарларды сату жүзеге асырылатын сауда базары;
Тармақша 12
12) көтерме-бөлшек сауда базары – соңғы тұтынушыға жеке, тұрмыстық және отбасылық пайдалану үшін, сондай-ақ кейіннен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сатып алушыға сату үшін тауарларды өткізуге қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жүзеге асырылатын сауда базары;
Тармақша 13
13) көтерме сауда – сауда базарының субъектілері кейіннен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сатып алушыға сатуға арналған тауарларды өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет;
Тармақша 14
14) көрсетілетін қызмет – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатта болмайтын қызмет;
Тармақша 15
15) қойма аймағы – қойма үй-жайлары, сондай-ақ осы қойма үй-жайларына қызмет көрсету үшін қажетті объектілер мен құрылғылар орналасқан сауда базарының аймағы;
Тармақша 16
16) қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі – сауда базарының ұсынылатын қызметінің (жұмысының) құнын көрсете отырып, нақты сипаттамасын қамтитын, сауда базарының меншік иесі (иеленуші) бекітетін және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде орналастырылатын құжат;
Тармақша 17
17) сауда базарының әкімшілігі – сауда базарының меншік иесі (иеленуші) базардың қызметін тікелей басқару үшін құратын басқару аппараты;
Тармақша 18
18) сауда базарының әкімшісі – сауда базарының меншік иесі (иеленуші) айқындаған, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сауда базары әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған, сауда базарының жұмыс істеуін және оның жұмысын Қазақстан Республикасының cауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлға;
Тармақша 19
19) сауда базарының схемасы – сауда базарының аумағында әкімшілік және сауда ғимараттарын (үй-жайларын), жеке орналасқан сауда орындарын, жылжымалы сөрелерді, автодүкендерді, шатырларды, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, қоймаларды, зертханаларды және сауда базарларының өзге де объектілерін көрсете отырып, нысаналы аймақтарды (әкімшілік, сауда) орналастырудың экспликациясы бар схемасы;
Тармақша 20
20) сауда базарының меншік иесі (иеленуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін, сондай-ақ сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда орындарын жалға, өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сауда базарының мүлкін иеленетін, пайдаланатын, оның ішінде меншік құқығында, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 21
21) сауда базары – сауда қызметіне арналған, аумақта шаруашылық қызмет көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін оқшауланған мүліктік кешен;
Тармақша 22
22) сауда қызметі – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметі;
Тармақша 23
23) сауда базарының субъектісі – сауда базарының меншік иесі (иеленуші), әкімші, базар әкімшілігі, өнім берушілер мен тауар өндірушілер, сондай-ақ сауда базарларының аумағында сауда қызметін (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 24
24) сауда базарының объектісі – сауда және өзге де қызметке арналған және сауда базарының субъектілері пайдаланатын ғимараттар немесе ғимараттың бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
Тармақша 25
25) сауда мүкәммалы – сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар;
Тармақша 26
26) сауда объектiсi – жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
Тармақша 27
27) сауда орны – тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен жарақтандырылған орын;
Тармақша 28
28) сауда шағын базары (бұдан әрі – шағын базар) – сауда орындарының саны 25-тен аспайтын, өнеркәсіптік және (немесе) азық-түлік тауарларын, ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ сақтау үшін арнайы жағдайларды талап етпейтін тауарларды сатуға арналған базар;
Тармақша 29
29) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
Тармақша 30
30) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық жалғанған) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);
Тармақша 31
31) сауда базарының жұмыс регламенті – сауда базарының, оның әкімшілігінің қызметін ұйымдастыру, оның ішінде осы Қағидалардың талаптарын орындау және сауда базарының аумағында тиімді сауда қызметін қамтамасыз ету мақсатында сауда орындарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу тәртібі айқындалған сауда базарының меншік иесі (иеленуші) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бекітетін құжат;
Тармақша 32
32) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 33
33) тауар өндіруші – тауарларды өндіретін және оларды өткізуді, оның ішінде сауда базарлары арқылы жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері;
Тармақша 34
34) тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнімі;
Тармақша 35
35) тауарлар тобы – функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;
Тармақша 36
36) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруда барынша қауіп төндіретін тұлғалар;
Тармақша 37
37) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
Тармақша 38
38) экспликация – өлшемі көрсетілген сауда орындарының тізбесін, сауда алаңы (бар болса), түрлері және (немесе) үлгілері көрсетілген сауда объектілерінің тізбесін, орын саны көрсетілген қоғамдық тамақтандыру объектілерінің тізбесін, ауданы көрсетілген өзге де объектілердің тізбесін білдіретін сауда базарының схемасына түсіндірмелер, сауда базарының схемасына өзге де түсіндірмелер.
Тарау 2. 2-тарау. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру
2-тарау. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Сауда базарында тауарларды көтерме және бөлшек саудада сату түріндегі сауданы, сондай-ақ қызметтер көрсетуді сауда қызметі субъектілері сауда базарының схемасына сәйкес сауда базарының аумағында орналасқан стационарлық және стационарлық емес сауда объектілері арқылы және уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жасалған жалға беру шарттарының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сауда базарының аумағын тауар-сала белгісі бойынша мамандандыруды және аймақтарға бөлуді, сондай-ақ сауда базарында жүзеге асырылатын мәмілелердің көлемі мен сипатына қарай сауда базарының типін Қазақстан Республикасының заңнамасына және сауда базарының бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес сауда базарының меншік иесі (иеленуші) айқындайды.
Тармақ 5
5. Сауда базарлары:
Тармақша 1
1) тауарлық мамандануы бойынша:
азық-түлiк тауарларын өткiзу бойынша – азық-түлiк;
өнеркәсiп тауарларын, тұрмыстық техниканы өткізу бойынша – азық-түлiк емес;
Тармақша 2
2) өткізілетін тауарларға байланысты:
арнаулы;
әмбебап;
Тармақша 3
3) мәмілелердің көлемі мен оларды жүзеге асыру тәсілдері бойынша:
бөлшек сауда;
көтерме болып жiктеледi.
Тармақ 6
6. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
Тармақша 1
1) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға болатын бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Арнаулы сауда базары тауарлардың жалпы санының жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.
Арнаулы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.
Тармақ 8
8. Азық-түлік емес сауда залдарында заттарды (киім, аяқ киім) сату кезінде оларды киіп көру үшін жағдай жасалуға, ал ақаусыздығын тексеруді талап ететін күрделі-техникалық және басқа да тауарлар үшін – оны өткізуге арналған жағдай жасалуға тиіс.
Тармақ 9
9. Сауда базарын ұйымдастырған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-73 бұйрығы), өрт қауіпсіздігі талаптары, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық және басқа да талаптар сақталуға тиiс.
Тармақ 10
10. Сауда базарының әкімшілігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, осы Қағидаларға және сауда базарының бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес сауда базарының жұмысын және оның жұмыс істеуі үшін жағдайларды;
Тармақша 2
2) сауда базарының аумағын уақтылы тазалауды және абаттандыруды;
Тармақша 3
3) сауда базарының аумағында және объектілерінде айына кемінде бір рет кестеге сәйкес санитариялық күн өткізуді;
Тармақша 4
4) сауда базарының аумағындағы сауда объектілері мен орындарына энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау бөлігінде сервистік қызмет көрсетуді және Интернетке орнықты қосылуды, сондай-ақ жарамды сауда мүкәммалымен және бақылау таразыларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес оларды пайдаланудың тиісті жағдайларымен қамтамасыз етуді;
Тармақша 5
5) қоғамдық тәртіпті, өрт қауіпсіздігін, күзет қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды;
Тармақша 6
6) сауда базарының аумағына кірген кезде (базар типі, мамандануы, атауы, жұмыс режимі, сауда базары әкімшілігінің телефон нөмірлері көрсетілген) маңдайша (мемлекеттік және орыс тілдерінде) орналастыруды;
Тармақша 7
7) қосымша көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесіне және сауда базарының бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленген тарифтер бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты;
Тармақша 8
8) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жасалған сауда объектілерін, сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарына сәйкес сауда базары субъектілері мен объектілерінің қызметін;
Тармақша 9
9) сауда базарының меншік иесінің (иеленушінің) шешіміне сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сауда базарының әкімшілігі көрсететін қызметтер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру жөніндегі жұмысты;
Тармақша 10
10) құқық тәртібін және өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдарға, ветеринариялық қадағалау органдарына және басқаларға тұрақты пункттерді орналастыру үшін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы шарттық негізде қызметтік үй-жайлар беруді;
Тармақша 11
11) сауда базары субъектілерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етуді;
Тармақша 12
12) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін сауда базары субъектілерін сауда базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері туралы хабардар етуді;
Тармақша 13
13) сауда базары субъектілері мен сатып алушылар үшін сауда базары объектілерін орналастыру схемасын (схемаларын) орнатуды;
Тармақша 14
14) уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне мәліметтерді уақтылы және толық енгізу жөніндегі жұмысты;
Тармақша 15
15) сауда базарында сауда жасаушылар (жалға алушылар) туралы ақпаратты, сауда базарында өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жылына бір рет ұсынуды;
Тармақша 16
16) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде QR-код арқылы жалға алушылардан алынған ескертулер мен ұсыныстарды кейіннен оларды жою және уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелерін беру жөніндегі шаралар қабылдау үшін қарау жұмысын;
Тармақша 17
17) сатушылардың (жалға алушылардың) және олар иеленген сауда объектілерінің және (немесе) сауда орындарының осы Қағидаларда және сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген талаптарға сәйкестігінің мониторингін және мониторинг қорытындыларын уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде орналастыруды;
Тармақша 18
18) сауда базарының басшылығына жалға алушылардың ұсыныстар, шағымдар және өтініштер беруінің мүмкіндігі үшін әрбір жалға алынған сауда орнына QR-кодын орналастыруды ұйымдастырады.
Тармақ 11
11. Сауда базарының жұмыс регламенті және қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде 25 қаңтардан кешіктірілмей орналастырылады.
Сауда базарының жұмыс регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сауда базарының әкімшілігі осы сауда базарының меншік иесінің (иеленушінің) шешімі негізінде жүзеге асырады.
Мұндай өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты сауда базарының әкімшілігі осындай шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Сауда базарының жұмыс регламенті:
Тармақша 1
1) толық және (егер бар болса) қысқартылған атауын, оның ішінде фирмалық атауын, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тіркеу нөмірін;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
Тармақша 3
3) сауда базарының мамандануын;
Тармақша 4
4) сауда базарының схемасын;
Тармақша 5
5) авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасын;
Тармақша 6
6) сауда базарында кезектен тыс қызмет көрсету құқығы немесе басқа да жеңілдіктер берілген азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін;
Тармақша 7
7) сауда орындарын ұсыну, қызметтер көрсету тәртібін және шарттарын, олардың сипаттамаларын, оларды ұсынғаны үшін құн мөлшерін;
Тармақша 8
8) жалға беру (пайдалану) шартының талаптарын, оның ішінде оны бұзу тәртібін және негіздерін;
Тармақша 9
9) тарифке енгізілетін негізгі шығындардың сипаттамасын қамтитын сауда орындарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу тәртібін, тарифке өзгерістер енгізу мерзімдерін және тәртібін қамтиды.
Тармақ 12
12. Сауда базарының техникалық персоналы сауда базары аумағында шаруашылық қызметті арнайы киім киіп жүзеге асырады, сондай-ақ сауда базарының жұмыс регламентінің талаптарын сақтайды.
Тармақ 13
13. Қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесінде базар әкімшілігі көрсететін барлық қызметтер қамтылуға тиіс.
Мыналар қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіреді:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметтердің атауы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметтердің құны;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және олардың сандық көрсеткіштері.
Тармақ 14
14. Сауда қызметін жүзеге асыратын сауда базарының субъектісі:
Тармақша 1
1) отандық тауар өндірушілердің қатар орналасқан арнайы маңдайшамен немесе «Қазақстанда жасалған» деген жазумен бірнеше тауары үшін орнатуға рұқсат етілетін отандық тауар өндірушінің тауарлары қойылатын орындарды белгілейді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сауда қызметін жүзеге асыру кезінде қойылатын міндетті талаптарды, сондай-ақ сауда базарының бекітілген жұмыс регламентін сақтайды;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі қажетті құжаттардың болуын декларациялайды;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде QR-код арқылы сауда базары әкімшілігінің және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның атына ескертулер мен ұсыныстарды кейіннен оларды жою және қарау нәтижелерін өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсыну жөнінде шаралар қабылдау үшін жолдайды;
Тармақша 5
5) сауда қызметін, тауарларды көтерме және бөлшек саудада сатуды, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының салық және азаматтық заңнамасына сәйкес кассалық режимді және құжаттарды ресімдеуді сақтайды.
Тармақ 15
15. Сауда базарының меншік иесі (иеленуші) Заңның 10-бабы 2-3-тармағының талаптарын сақтайды, басқару мен өндірудің заманауи технологияларын енгізуді ескере отырып, сауда базарының орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарларын (даму стратегияларын, инвестициялық бағдарламаларды) әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 16
16. Коммуналдық сауда базары:
Тармақша 1
1) шешімі осы коммуналдық базарды құруға негіз болған жергілікті атқарушы орган бекіткен сауда базарының жұмыс регламентіне сәйкес өз қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша:
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың ең төменгі бағасын белгілеу;
сауда базарының жұмыс регламентіне сәйкес заңнамалық түрде кезектен тыс қызмет көрсету құқығы немесе басқа да жеңілдіктер берілген азаматтардың жекелеген санаттарына қызметтер көрсету;
өз қосалқы шаруашылығының өнімін өткізетін азаматтарға сауда орындарын ақы алмай ұсыну жолымен әлеуметтік маңызы бар міндеттерді орындайды.
Тармақша 3
3) коммуналдық базарда азық-түлік тауарларын өткізу үшін сауда орындарының кемінде 70 %-ы бөлінеді, оның ішінде сауда орындарының кемінде 10 %-ы өз өнімдерін өткізу үшін тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі.
Бұл ретте азық-түлік тауарларын өткізу үшін сауда орындарының нақты санын және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сауда орындарын айқындауды коммуналдық базар әкімшілігі жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Коммуналдық базар әкімшілігі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) облыстың, қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша коммуналдық базарда өткізілетін азық-түлік тауарларына ұсынылатын бөлшек сауда бағаларын апта сайын белгілейді;
Тармақша 3
3) облыстың, қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жылына бір реттен жиі болмайтын түзету мүмкіндігімен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері (сауда алаңдарын жалға алу, тауарларды сақтау, қоймалау, сұрыптау және өлшеп-орау, сондай-ақ жүк және жеңіл автокөліктің кіруі мен тұрағы) бойынша тіркелген тарифтерді жыл сайын белгілейді;
Тармақша 4
4) сауда базарына кіре берісте, оның ішінде ақпараттық жүйеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ағымдағы бөлшек сауда бағалары туралы ақпараттық стенд орналастырады. Ақпараттық стендте өзге азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек сауда бағалары туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Тармақ 18
18. Көтерме және көтерме-бөлшек базарларында тауарларды көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын осы базарлардың субъектілері:
Тармақша 1
1) сауда базарларының, оның ішінде тауарларды қоймаға жинау мен сақтау жөніндегі қызметіне қойылатын ҚР ДСМ-73 бұйрығы талаптарын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамасына сәйкес жабдықтар мен тауарларға қойылатын талаптарды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының салық және азаматтық заңнамасына сәйкес құжаттаманы жүргізу және есептілік жөніндегі талаптарды сақтайды.
Тармақ 19
19. Сауда базарларында:
Тармақша 1
1) орналастыру схемасына сәйкес сауда орындары, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайлары және ортақ пайдаланылатын орындар жабдықталуға тиіс.
Сауда базарының схемасы жасалған жалға беру (пайдалану) шарттарына сәйкес әкімшілік және қойма аймақтарының, дүкендердің, дүңгіршектердің, жылжымалы сөрелердің, шатырлардың (павильондардың), сауда объектілерінің, сауда орындарының, автодүкендердің және вендинг автоматтарының орналасқан орны көрсетілген экспликация түріндегі ақпаратты қамтиды;
Тармақша 2
2) көруге ыңғайлы орындар жабдықталуға тиіс, онда мыналар орналастырылады:
сауда орындарының сауда базарында орналасу схемасын қамтитын ақпарат;
бос сауда орындарының бар-жоғы туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) ұйым қызметкерлерінің адамдарды қауіпсіз аймаққа қауіпсіз эвакуациялауды жүргізу, өртке қарсы қызметті және басқа қызметтерді шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі іс-қимыл тәртібін қамтитын өрт, авариялық, төтенше жағдай туындаған кезде адамдарды эвакуациялау жоспары болуға тиіс;
Тармақша 4
4) сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру жөнінде келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс деректері (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) болуға тиіс;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат болуға тиіс;
бақылауға арналған өлшем құралдарының орналасқан жері туралы ақпарат, пікірлер мен ұсыныстар кітабы болуға тиіс;
Тармақша 6
6) сауда базары әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария және өсімдіктер карантині жөніндегі органдардың, сауда базарының жұмысына қатысты мәселелер туындаған жағдайда жүгіну қажет ішкі істер бөлімінің телефон нөмірлері болуға тиіс;
Тармақша 7
7) санитариялық-ветеринариялық сараптама жүргізу үшін азық-түлік тауарларын іріктеу нормалары (мұндай ақпаратты ет және жеміс-көкөніс павильондарында орналастыру) болуға тиіс;
Тармақша 8
8) сауда қатарларына (жеміс-көкөніс, ет, сүт, тұрмыстық тауарлар, киім, аяқ киім және басқалары), қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, бақылауға арналған өлшем құралдарына, автобус аялдамаларына, шығатын есіктерге және басқаларға баратын бағыттар көрсеткіштермен жарақтандырылуға тиіс;
Тармақша 9
9) қажетті сауда мүкәммалымен, жабдықпен, оның ішінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген бақылауға арналған өлшем құралдарымен жарақтандырылуға тиіс;
Тармақша 10
10) әрбір азық-түлік сауда залында бақылауға арналған өлшем құралдары орнатылады;
Тармақша 11
11) дүңгіршек, жылжымалы сөре, сауда орны, шатыр (павильон), автодүкен, автомат, вендинг автоматы, дүкен сауда базарының схемасына және уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жасалған жалға алу (сауда орнын беру туралы) шартына сәйкес сауда базарының әкімшілігі арнайы белгілеген жерде орналастырылады.
Тармақ 20
20. Қоғамдық тамақтандыру, сауда, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді сауда базарының аумағында орналастыру және жабдықтау № ҚР ДСМ-73 бұйрығының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Сауда базарының аумағындағы энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау және интернетке орнықты қосылу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуға тиіс.
Тармақ 22
22. Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлік шикізатын, тауарларды сақтау және сауда базарында өткізу № ҚР ДСМ-73 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру туралы шартта мынадай мәліметтер болуға тиіс:
Тармақша 1
1) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкердің тегі, аты және (бар болса) әкесінің аты, оның тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) заңды тұлға үшін – жалға алушының толық және (егер бар болса) қысқартылған атауы, оның ішінде фирмалық атауы және заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, оның орналасқан жері, мемлекеттік тіркеу нөмірі;
Тармақша 3
3) жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4
4) сауда орны берілген мерзім және оны пайдалану мақсаттары;
Тармақша 5
5) шартты өзгерту, бұзу талаптары.
Тармақ 24
24. Меншік иесі (иеленуші) және (немесе) сауда базарының әкімшілігі осы Қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 25
25. Халықтың декреттелген тобына жататын сауда қызметінің субъектілері мен сауда базарының жұмыскерлері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, сондай-ақ «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21443 болып тіркелген) сәйкес медициналық қарап-тексеруден өтуге тиіс.
Тармақ 26
26. Сауда қызметiнiң субъектiсi Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 27
27. Жүкқұжаттардың түпнұсқалары және нормативтік актілерде көзделген тауарлардың сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе басқа құжаттар сауда қызметі субъектісінде бүкіл жұмыс уақыты ішінде сақталады және бақылаушы органдар мен сауда базарының әкімшілігі, сондай-ақ тұтынушылар талап ете салысымен ұсынылады.
Тармақ 28
28. Сауда орнын үшінші тұлғаға беру тараптардың келісуі бойынша (сауда қызметінің субъектісі және сауда базарының меншік иесі (иеленуші) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Сауда қызметінің субъектілері, сауда базарының меншік иесі (иеленуші) және (немесе) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі сауда орындарын, оның ішінде сауда базарларында жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындайды.
Тармақ 30
30. Сауда базарында айналысқа техникалық реттеу, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен олардың сауда базары айналысының белгіленген қағидаларына сәйкес тауарлар (өнімдер) жіберіледі.
Тармақ 31
31. Сатылған уақытта сапасын жоғалтқан және сапасыз санатқа өткен тауар сатудан алынады.
Өнімдер мен тауарларды жою немесе одан әрі өңдеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар ыдысқа қапталуға тиіс. Тауарлар сақтау үй-жайларында тауарларды қатар қою қағидаттары, қоймалау нормалары, сақтау режимі сақтала отырып орналастырылады.
Тармақ 32
32. Сауда базарының иесі (иеленуші):
Тармақша 1
1) энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау жағдайларын және Интернетке орнықты қосылуды, сондай-ақ сауда базарында тауарларды қабылдау, сақтау, сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін тиісті инфрақұрылымдық жағдайларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы сауда базарының қызметін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде базар субъектілерін және уәкілетті органды осы шешім туралы хабардар етеді;
Тармақша 3
3) азаматтардың жекелеген санаттарына сауда базарының әкімшілігі көрсететін қызметтер бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеңілдіктер беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарын жасасады;
Тармақша 5
5) сауда базарының жұмыс регламентін және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;
Тармақша 6
6) сауда базарының субъектілерін және уәкілетті органды ақпараттық жүйеде 6 (алты) ай бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып, сауда орнының жалдау құнының тарифін жылына бір реттен асырмай бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және сауда базарының бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес сауда базары әкімшілігінің жұмысын бақылайды және қамтамасыз етеді.
Тармақша 8
8) жалға алушылардың ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және оларды уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде жою жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) сауда базарының субъектілері мен объектілері туралы барлық қажетті мәліметтерді уәкілетті органдардың лауазымды адамдарына тексеру жүргізуге ұсыну жолымен жәрдем көрсетеді және осындай тексерулер барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды, анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда алдын ала хабардар етпей, уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жалдау шартын бұзады.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда базарының қызметіне және оның әкімшілігінің жұмысына жауапты болады.
_________________________