О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 2 июля 2020 года №49/413-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Аягозскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі №49/413-VI «Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі №49/413-VI «Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7333 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10 %, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
«мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар»;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен награтталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен награтталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.