О внесении изменений в совместный приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 2 июня 2021 года № 133-ОД и Министра финансов Республики Казахстан от 3 июня 2021 года № 524 «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов антимонопольному органу сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары;
2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаменті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 355-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 1360
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 2 маусымдағы
№ 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы № 524
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Осы Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық құпиясын және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты құрайтын салық төлеушілер (салық агенттері) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) монополияға қарсы органға ұсыну тәртібін белгілейді.
Мәліметтер оларға рұқсаты бар және Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген тізбеге (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларына ұсынылады.
Тізбе мемлекеттік кірістер органдарына жыл сайын, ағымдағы есепті кезеңнің 31 қаңтарына дейін ұсынылады.
Монополияға қарсы орган Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан босатылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Монополияға қарсы орган мемлекеттік кіріс органдарына Мәліметтерді алу туралы тұлғалар бөлінісінде электронды құжат айналымы жүйесі арқылы сұрай салу жібереді
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдары «АСТАНА-1», «Бірыңғай деректер қоймасы» (БДҚ) ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ «Интеграцияланған деректер базасы» (ИДБ) ақпаратты жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) арқылы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша Мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте, Мемлекеттік кірістер органдары Мәліметтердімонополияға қарсы органның FTP папкасына (10.245.64.254/AZRK) жүктейді.
Тарау 3. 3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
Тармақ 5
5. Мәліметтерге рұқсаты бар монополияға қарсы органның лауазымды адамдары алынатын ақпаратты тікелей мақсаты бойынша ғана және оны берген тарапқа нұқсан келтірмей, үшінші тараптарға беру құқығынсыз пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 473-бабына сәйкес жауаптылықта болады.
Басқа 2. Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 355-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 1360
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 2 маусымдағы
№ 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы № 524
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі
1. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Сауда атауы.
2.
Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).
3.
Шыққан елі.
4.
Шығу елі.
5.
Баратын ел.
6.
Сауда жасайтын ел.
7.
Шот бойынша Валюта және жалпы сома.
8.
Фактуралық құны.
9.
Кедендік құн.
10.
Статистикалық құны.
11.
Көлемі (салмағы/таза).
12.
Қосымша өлшем бірлігі.
13.
Тауардың өлшем бірлігі.
14.
Қаптаманың түрі / жеткізілетін дәрілік препарат орындарының саны.
15.
Елдің кодтары: шығарылған/жөнелтілген/тағайындалған.
16.
Декларация нөмірі.
17.
Жіберуші.
18.
Алушы.
19.
Шекарадағы көлік түрі / Ел ішіндегі көлік түрі.
2. «Бірыңғай деректер қоймасы» және «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі (БДҚ/ИДБ)
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы.
2.
Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).
3.
Валюта коды.
4.
Өлшем бірлігі.
5.
Саны (көлемі).
6.
Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін баға (тариф).
7.
Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны.
8.
Жанама салықтарды ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны.
9.
Жеткізушінің ЖСН/БСН.
10.
Жеткізушінің атауы.
11.
Алушының ЖСН/БСН.
12.
Алушының атауы.
13.
ЭШФ тіркеу нөмірі.
14.
ЭШФ жазып беру күні.
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БДҚ – бірыңғай деректер қоймасы;
ИДБ – интеграцияланған деректер базасы;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ЭШФ - электрондық шот-фактура.