О внесении дополнения в решение акима Зерендинского района от 2 июля 2021 года № 3 «Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2021 жылғы 2 шілдедегі № 3 «Жергілікті техногендік төтенше жағдайды жариялау туралы» Зеренді ауданы әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2025 жылғы 20 қараша күнгі хаттамасының негізінде, Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2021 жылғы 2 шілдедегі № 3 «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Зеренді ауданы әкімінің шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын: «Зеренді ауданының мүдделі мемлекеттік органдары қамтамасыз етсін: - жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және төтенше жағдай аймағында орналасқан облыстың елді мекендеріне электр желілерін тарту; - Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес (конкурссыз, төтенше жағдайға байланысты) көрсетілген жұмыстарды орындауға шарт жасасу».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.