О внесении изменения в решение акима города Арыс от 2 июля 2021 года № 5 «Об образовании избирательных участков на территории города Арыс» Қолданыста
Басқа 0
Арыс қаласы әкімінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ 5 «Арыс қаласының
аумағында сайлау учаскелерін
құру туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Арыс қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Арыс қаласы әкімінің «Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23333 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Арыс қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:
Тармақша 1
1) № 17 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:
Орталығы: Арыс қаласы, Арайлы көшесі, № 35А ғимарат, Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Арыс қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясымен