О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 355 «О некоторых вопросах реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 «О мерах по дебюрократизации деятельности государственного аппарата» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жобаларды (Парламент Мәжілісіне заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар жобаларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі. Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартқа қол қою, бекіту, қабылдау мәселелері бойынша және оған қосылу туралы жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
Жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және олар бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілді» деп есептеледі.
Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні) ішінде келіседі. Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні) ішінде келіседі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.