О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
сотқа жүгіну;
тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардан мамандар тарту;
Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде Министрліктің әскери барлау органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде тарту;
заңнамада белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алу және пайдалану;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 339) тармақшамен толықтырылсын:
«339) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде Министрліктің әскери барлау органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде жұмысқа тарту қағидаларын бекітеді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.