О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 632 «Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда, находящихся в доверительном управлении Национального Банка Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын: «16) балама құралдар; 17) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптeстіктердің акциялары мен үлестері (Special Purpose Vehicle); 18) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.