Об отмене решения акима Денисовского района Костанайской области от 2 июля 2024 года № 4 «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 4 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына сәйкес және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Денисов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 24 ақпандағы № KZ00VWF00517847, Денисов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 4 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.