О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 2024 года № 511 «Об определении зон деятельности органов государственных доходов» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен айқындалған Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204а құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2а учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінің, Көкөзек ауылы, 156 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:4491 жер учаскелерін қоспағанда әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде
»;
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
19.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Алматы қаласының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204а құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2а учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінің, Көкөзек ауылы, 156 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:4491 жер учаскелерін қоспағанда әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.