О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Актогайского района от 2 июня 2025 года № 103 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района» Қолданыста
Басқа 0
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 2 маусымдағы «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 103 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына сәйкес, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 7-04/1794 хаты негізінде, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 2 маусымдағы «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 103 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
20) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
20-1) «Азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
20-2) «Рұқсаттар мен хабарламала туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қаруды жүзеге асырады.
15-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
21) «Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын дұрыс жазу және орналастырылуын келісуді жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;
осы қаулы Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 2 маусымдағы «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» №103 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.