О внесении изменения в постановление акимата города Лисаковска от 2 октября 2025 года № 250 «Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы» Қолданыста
Басқа 0
«Қоғамдық жұмыс түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық жұмыс түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 250 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
Лисаков қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «___» ____________
№ ____ қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
1
«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Аумақтарды жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу; газонды және шөпті шабу; қардан тазалау; абаттандыру.
2
«Октябрь кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі