О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 октября 2025 года № 560 «Об утверждении описания и Порядка использования символа органов государственных доходов» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 42-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және пайдалану тәртібі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі бекітілсін.»; Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібінде: жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына 1-қосымша»; 4 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 3) «Бәйтерек» – біртұтас халықтың даналығын, беріктігін және жетістігін білдіретін нышандардың бірі болып табылады. осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 2. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «2» қазандағы № 560 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі (бұдан әрі – Сипаттама мен Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгінің сипаттамасы
2-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгінің сипаттамасы
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы ашық сұр түсті тікбұрышты матадан тұрады. Ту сабының тұсында матаның биіктігі бойымен алтын түсті ұлттық ою-өрнек және оның оң жағында алтын түсті жіңішке тік сызық орналасқан. Матаның төменгі оң жағында бұрышында толқын тәрізді алтын түсті сәнді композиция орналасқан. Тудың ортасында диаметрі 400 миллиметр мемлекеттік кірістер органдарының бекітілген нышанының бейнесі орналастырылады. Ту енінің оның ұзындығына қатынасы – 1:1,5 құрайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы және оның бейнесі мөлшерлеріне қарамастан, осы Сипаттама мен Тәртіпке қосымшада келтірілген оның түрлі – түсті және схемалық бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық белгісі мемлекеттік кірістер органдарының символы түрінде қолданылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық белгісінің сипаттамасы мен схемалық көрінісі осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары символының сипаттамасы мен пайдалану тәртібінде келтірілген.
Тарау 3. 3-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгіні қолдану тәртібі
3-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгіні қолдану тәртібі
Тармақ 6
6. Танымдық ту мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі өзен, теңіз кемелерінде және мемлекеттік кірістер органдарының мекемелерінде қолданылады.
Тармақ 7
7. Танымдық белгі:
Тармақша 1
1) кеден ісі саласындағы қызметті орындау шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі көлік құралдарының барлық түрлеріне қолданылады және екі жағынан симметриялы орналастырылады;
Тармақша 2
2) кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімінде қолданылады. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінде орналасқан танымдық белгінің мөлшері 2,5:2,5 құрайды. Танымдық белгіні бейнелеу кезінде оның енінің ұзындығына сәйкестігі – 1:1.
Басқа 2.1. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туының графикалық бейнесі
Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібіне қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туының графикалық бейнесі