О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2025 года № 710 «Об утверждении системы региональных стандартов для населенных пунктов» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарына арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері: мынадай мазмұндағы «13. Агробизнес инфрақұрылымы» деген бөліммен толықтырылсын: « 13. Агробизнес инфрақұрылымы 13.1 Мал сою пункті* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 13.2 Етті қайта өңдейтін мал сою пункті* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 13.3 Шағын өнеркәсіптік аймақтар* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 13.4 Сервистік-дайындау орталықтары* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* »; көрсетілген қаулымен бекітілген ауылдық округтердің орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері: мынадай мазмұндағы «12. Агробизнес инфрақұрылымы» деген бөліммен толықтырылсын: « 12. Агробизнес инфрақұрылымы 12.1 Мал сою пункті* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 12.2 Етті қайта өңдейтін мал сою пункті* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 12.3 Шағын өнеркәсіптік аймақтар* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 12.4 Сервистік-дайындау орталықтары* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* »; көрсетілген қаулымен бекітілген қалған ауылдық елді мекендер мен кенттерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері: мынадай мазмұндағы «11. Агробизнес инфрақұрылымы» деген бөліммен толықтырылсын: « 11. Агробизнес инфрақұрылымы 11.1 Мал сою пункті* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 11.2 Етті қайта өңдейтін мал сою пункті* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 11.3 Мал бордақылау алаңдары* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 11.4 Шағын өнеркәсіптік аймақтар* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* 11.5 Сервистік-дайындау орталықтары* Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.