О внесении изменений в решение 2 сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года № 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района" Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-12-125 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 16 (9489) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;
Ереженің 8, 9 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Ибраева
2012 жылғы 20 тамыз