О внесении изменения в решение 2 сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года № 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района" Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы № 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы № 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-125 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 16 (9489) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 18 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 3
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
Тармақ 2
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
10 маусым 2014 жыл