Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на озерах Балхаш, Алаколь, Капчагайском водохранилище, реки Или, реки Каратал на участках строительства гидроэлектростанции - 2, гидроэлектростанции - 3, гидроэлектростанции - 4 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2 - су электр станциясының, 3 - су электр станциясының, 4 - су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату Ережесін бекіту туралы" N 42 қаулысына сәйкес, су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау үшін, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін:
Тармақша 1
1) Балқаш көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 2
2) Алакөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 3
3) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 4
4) Іле өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 5
5) Алматы облысындағы 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулердің жобасы;
Тармақша 6
6) Балқаш жылу-электростанциясы Үлкен ауылының аймағына Балқаш көлінің шекарасындағы жер учаскесін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.
Тармақ 2
2. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шеңберінде шаруашылыққа пайдалану режимі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалар негізінде су объектілерінің су қорғау аймақтары және белдеулерінің шекарасындағы жерлерде белгіленген үлгідегі су қорғау белгілерін орнату жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Алматы облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы "Алматы жер ғылыми өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе отырып, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Балқаш, Қаратал, Сарқан, Алакөл, Ұйғыр, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарының және Қапшағай қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер иеленушілерге жеткізсін;
Тармақша 2
2) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану режимін сақтасын;
Тармақша 3
3) тиісті пайдалану режимі сақталған жағдайда су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануына, қоқыстануына және сарқылмауына жол бермеу шаралары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын;
Тармақ 6
6. Балқаш, Қаратал, Сарқан, Алакөл, Ұйғыр, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарының, Қапшағай қаласының әкімдері және оларға бағынысты және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары пайдаланатын жерлердегі Алматы облысының Балқаш, Алакөл көлдерінің, Қапшағай су қоймасына және Іле өзенінің, су электр станциясының-2, су электр станциясының-3, су электр станциясының-4 құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде орналасқан су қорғау аймақтары және белдеулерінде:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары және белдеулерінде орналасқан және олардың жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды жою немесе бұзу жұмыстарын бекітілген жобаларға сәйкес жүргізсін;
Тармақша 2
2) шаруашылықта пайдалану режимінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды 1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш - Алакөл бассейндік инспекциясының (келісімімен) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуына, оларға белгіленген шаруашылық жүргізу қызметінің тәртібіне және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 93 қаулысына 1-қосымша Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Осы режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, жер үсті су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарға сәйкес және бекітілген жобалар негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймағының төңірегінде төмендегілер рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 2
2) өсімдік ауруы мен арам шөптерді, зиянкестерді жоюға арналған химиялық құралдарды қолдануға;
Тармақша 3
3) топырақты тыңайтуға арналған көң ағындыларын пайдалануға;
Тармақша 4
4) улы химикаттар, минералды тыңайтқыштары және жанар-жағар май материалдары сақталатын қамбалар, улы химикаттар аппаратурасын ауыстыру үшін, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіп, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарын көму және жинау орындарын, зираттар мен мал қорымы орындарын, ағынды су жинағыштарын орналастыруға;
Тармақша 5
5) көң мен қоқыс жинауға;
Тармақша 6
6) жанармай құюға, автокөлік, трактор және басқа машина мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
Тармақша 7
7) су қорғау аймағының ені 100 м-ден кем болғанда және жақын жатқан аумақтың беткей еңістігі 3 градустан асса, жаңа саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыруға;
Тармақша 8
8) көлік құралдарының тұрақтарын, оның ішінде саяжай және бау-бақша учаскелері аумақтарында орналастыруға. Көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, жеке меншік және мемлекеттік автомашиналардың ұжымдық автотұрақтарын ұйымдастыруға, тек жеке пайдаланымдағы машиналарға тыйым салынбайды;
Тармақша 9
9) бас пайдаланымдағы ағашты кесуге;
Тармақша 10
10) облыстың жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының келісімінсіз ғимараттар, құрылымдар, коммуникация және басқа объектілерді қайта жөндеуге, пайдалы қазба өндіру, жер қазу және басқа жұмыстарды өткізуге: су қоры, қоршаған ортаны, жер ресурстарын қорғау, энергиямен қамтамасыз ету және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын сақтау.
Тармақша 11
11) су қорғау аймақтары және санитарлық қорғалатын аймақтары тура келген кезде сондай-ақ санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын басшылыққа алу керек.
Тармақ 3
3. Су қорғау белдеулері шеңберіндегі 2 тармақта көрсетілген кедергіге қосымша төмендегілер рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) жерлерді жыл сайын жыртуға;
Тармақша 2
2) тыңайтқыштарды қолдануға;
Тармақша 3
3) шайылған топырақ үйіндісін жинауға;
Тармақша 4
4) малды жаюға және жазғы бағу орындарын ұйымдастыруға (пайдаланылып жүрген суару орындарынан бөлек), жуындыру орындарын орнатуға;
Тармақша 5
5) мерзімдік және стационарлық палаталы қалашық орналастыруға;
Тармақша 6
6) жаңа саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыруға;
Тармақша 7
7) жеке меншік тұрғын үй немесе саяжай, басқа да құрылыс жүргізу үшін учаске бөлуге;
Тармақша 8
8) жол және соқпақ жол төсеуге (малды суару орындарына баратын жолдардан бөлек);
Тармақша 9
9) арнайы мақсаттағы техникадан басқа автокөлік, трактор және механизмдердің жүруіне.
Тармақ 4
4. Су объектілерінің және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелері шаруашылық жүргізу режимінің талаптарын сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жеке меншік және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
Басқа 46
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 93 қаулысына 2 қосымша "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының және Іле өзенінің, 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері" № п/п Су объектілері Су қорғау аймақтарының ені, метр Су қорғау белдеулерінің ені, метр 1 2 3 4 1 Балқаш көлі (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 342,0 метр белгісінде алынған) 50-1000 50-100 2 Алакөл көлі (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 348,0 метр белгісінде алынған) 300-1000 35-100 3 Капшағай су қоймасы (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 479,0 метр белгісінде алынған) 1000 100 4 Іле өзені (судың кемері орташа көпжылдық деңгейін су тасыған кезеңде жағалау еркеуіне және суы жайылған жер су қорғау аймағы мен белдеулері шекарасының ішіндегі) 300-1000 100 5 Қаратал өзенінің су электр станциясының құрылысы жүріп жатқан учаскелерде оң және сол жағалары (су деңгейінде кемерінің орташа көп жылдық) 2-су электр станциясы, 3-су электр станциясы, 4-су электр станциясы 350-500 30-45