Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңыңың 35 бабының 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы от 13.03.2006 г. № 195 (Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы)
1. Ауылда 2006 жылғы 15 наурыз - 15 мамыр аралығында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы деп жариялансын.
2. Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізуде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының іске асырылуы жайлы аудан әкіміне 10 күн сайын хабарлама беру және осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауыл әкімінің бас маманы К.Берденоваға жүктелсін.
Ауылда көркейту, көгалдандыру
және санитарлық тазалықтың
2 айлығын өткізу туралы.
2006 жылғы «13» наурыз № 195
шешіміне 1 қосымша.
Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі комиссияның құрамы.
Берденова Кенжекүл Бердібекқызы - ауыл әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрайымы
Жолмаханов Сабытбек Тайжанұлы -
- «Алтын Дән» Пицаев Ваха Алиевич Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы, комиссия төрайымының орынбасары. /келісімі бойынша/
Кәрібаева Күлаш Якияқызы - ауылдық округі әкімінің салық маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Әбдіқасов Мұрсал - №109 мектеп директоры
/ келісімі бойынша/
Сүлейменова Қамария Набиқызы - емхана меңгерушісі.
/келісімі бойынша/
Наурызова Шаркүл - байланыс бөлімшесінің меңгерушісі.
келісімі бойынша/
Талқанбаева Паузия Кеңшілікқызы - Мәдениет үйі меңгерушісі. / келісімі бойьінша/
Ауылда көркейту, көгалдандыру
және санитарлық тазалықтың
2 айлығын өткізу туралы
2006 жылғы 13 наурыз № 195
шешіміне 2 қосымша.
Ауылда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізуде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасы.
Р/с
Атқарылатын іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Жауапты орындаушылар
1
Ауылды көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықты жақсартуға байланысты халық жиынын өткізу.
Наурыз айы 2006 жыл
Ауылдық округі әкімі М.Тұрбаева.
2
Ауылдық округ бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізуге байланысты атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарын жасап, бекітуге ұсыну.
13 наурыз 2006 жыл.
Ауылдық округі әкімінің бас маманы К.Берденова.
3
Ауыл орталығындағы көшелерді тегістеу, аулаларды тазарту, күл-қоқыстарды шығару.
Наурыз Сәуір айлары
Шаруашылық басшысы С.Жолмаханов (келісімі бойынша)
4
Тұрғындардың аулаларынан шығарылған күл-қоқыстарды арнайы белгіленген орынға тасуды ұйымдастыру.
Наурыз Сәуір айлары
Шаруашылық басшысы С.Жолмаханов (келісімі бойынша)
5
Ауыл орталығындағы, аяқ су жүретін арық-жаптардың ішін тазарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
Сәуір айы
Ауылдық округі әкімі М.Тұрбаева.
6
«Әбен бауындағы» қураған ағаштарды кесіп, баудың ішіндегі қураған шөптерді шауып, тазартып, жаңадан ағаш егу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
Наурыз Сәуір айлары
Ауылдық округі әкімі М.Тұрбаева.
7
Ауылға кіре беріс жолдың еқі жақ бетіндегі баудың кураған шөптерін шауып тазарту, қураған бұтақтарын кесу, ағаштардың түбін әктеу.
Сәуір айы
Шаруашылық басшысы С.Жолмаханов (келісімі бойынша) Мектеп директоры
М.Әбдіқасов. (келісімі бойынша)
8
Ауыл орталығындағы халыққа қызмет көрсетіп отырған мекеме ғимараттарының айналасын тазарту, аяқ су жүретін арықтарын қазу, кураған шөптердІ шабу, талдардың түбін ақтау жұмыстарын ұйымдастыру.
Наурыз Сәуір айлары
Мекеме басшылары. (келісімдері бойынша)
9
Ауыл бойынша әрбір жанұяға өз үйлерінің сыртын ақтау, тазалық
жұмыстарын келісімі бойынша жүргізуге барлық тұрғындарды қатыстыру.
Сәуір айы
Ауылдық округі әкімі М.Тұрбаева.
10
Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға арналған аллеяны, орталық баудың қураған шөптерін шауып, тазарту, қураған бұтақтарын кесу, ағаштардың түбін әктеу.
Наурыз Сәуір айлары
Ауылдық округі әкімі М.Тұрбаева. Мектеп директоры М.Әбдіқасов. (келісімі бойынша)
11
Ауылды көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбіліктер ұйымдастыру.
15 наурыз -15 мамыр аралығында
Ауылдық округі әкімі М.Тұрбаева.
12
Жаңа мектеп ғимаратының айналасына тал егіп, көркейту, көгалдандыру жүмыстарын жүргізу.
Наурыз Сәуір айлары
Мектеп директоры М.Әбдіқасов (келісімі бойынша)
13
Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы кезінде атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына хабарлама беріп отыруды қамтамасыз ету.
Наурыз Сәуір айлары
Ауылдық округі әкімінің бас маманы К.Берденова.