О присвоении наименований улицам в микрорайоне "Калкаман-2" города Алматы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында "Қалқаман-2" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Қалқаман-2" ықшамауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін: 1. Ақтамберді жырау бірінші көше, ұзындығы 1600 метр 2. Мұстафа Қазыбеков екінші көше, ұзындығы 1600 метр 3. Шырақбек Қабылбаев үшінші көше,  ұзындығы 1600 метр 4. Райымбек Сейтметов төртінші көше, ұзындығы 1600 метр 5. Әубәкір Тыныбаев бесінші көше, ұзындығы 1600 метр 6. Біліс Нұрпейісов алтыншы көше, ұзындығы 1600  метр 7. Біләл Аспандияров жетінші көше, ұзындығы 1600 метр 8. Камал Смайылов сегізінші көше, ұзындығы 1600 метр 9. Сүгір Әліұлы тоғызыншы көше, ұзындығы 1600 метр 10. Серәлі Лапин оныншы  көше, ұзындығы 1600 метр 11. Салахитдин Айтбаев он бірінші көше, ұзындығы 1600 метр 12. Жүсіп Қыдыров он екінші көше, ұзындығы 1600 метр 13. Нағымбек Нұрмұхамедов он үшінші көше, ұзындығы 1600 метр 14. Тоқсын Құлбеков он төртінші көше,  ұзындығы 1200 метр 15. Байзақ батыр он бесінші көше, ұзындығы 1200 метр 16. Әбдіразақ Елібаев он алтыншы көше, ұзындығы 1200 метр 17. Ишанбай Қарақұлов он жетінші көше, ұзындығы 1200 метр 18. Диқан Әбілов он сегізінші көше, ұзындығы 1000  метр 19. Әнуарбек Үсенов он тоғызыншы көше, ұзындығы 1000 метр 20. Сәйділ Талжанов жиырмасыншы көше, ұзындығы 1200 метр 21. Жұматай Жақыпбаев жиырма бірінші көше, ұзындығы 1200 метр 22. Морис Симашко жиырма екінші көше, ұзындығы 1200 метр 23. Мұхтар Бақтыгереев жиырма үшінші көше, ұзындығы 1200 метр 24. Ғабдол Сланов жиырма төртінші көше, ұзындығы 1200 метр 25. Көлбай Төгісов жиырма бесінші көше, ұзындығы 1100 метр 26. Халел Арғынбаев жиырма алтыншы көше, ұзындығы 1100 метр 27. Николай Рипинский жиырма жетінші көше, ұзындығы 1100 метр 28. Ораз Рымжанов жиырма сегізінші көше, ұзындығы 900 метр 29. Молдахмет Кенбаев жиырма тоғызыншы көше, ұзындығы 900 метр 30. Камал Қадыржанов отыз бірінші көше, ұзындығы 900 метр 31. Мәулен Балақаев отыз екінші көше, ұзындығы 1200 метр 32. Ісмет Кеңесбаев отыз үшінші көше, ұзындығы 1200 метр 33. Ғайнетдин Мұсабаев отыз төртінші көше, ұзындығы 1200 метр 34. Өтеген Сейітов отыз бесінші көше, ұзындығы 1200 метр 35. Қалауша Бегалиев отыз алтыншы көше, ұзындығы 1200 метр 36. Латиф Қыдырбеков отыз жетінші көше, ұзындығы 700 метр
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
Тармақ 3
3. Әуезов ауданының әкімі Ә. Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Әуезов ауданының әкімі Ә. Несіпбаев осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. "Алматы қаласында "Қалқаман-2" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 2/139 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихаты VІІI сессиясының 2008 жылғы 6 наурыздағы N 83 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық актінінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.