Целинный селолық округінің Орынбай, Бидайық-2 елді мекендеріндегі көшелердің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Целинный селолық округінің Орынбай, Бидайық-2 елді мекендеріндегі
көшелердің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына, Целинный селолық округінің "Целинный селолық округі бойынша кейбір көшелерге жаңадан ат беру және атауын өзгерту туралы" 2010 жылғы 22 ақпандағы Орынбай аулында болған жалпы жиналысының N 4 хаттамасына және Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 29 ақпандағы ұйғарымын қарай келе, Целинный селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орынбай елді мекеніндегі көшелердің атаулары төмендегідей аталынсын:
1-ші көшеге - "Бейбітшілік";
2-ші көшеге - "Тәуелсіздік";
3-ші көшеге - "Достық";
4-ші көшеге - "Орталық";
5-ші көшеге - "Мектеп";
Тармақ 2
2. Бидайық-2 елді мекеніндегі:
1-ші көшеге - "Бірлік";
2-ші көшеге - "Достық".
Тармақ 3
3. Округ бойынша көшелердің атауларын өзгеруіне байланысты әкім аппаратының бас маманы А. Бакарамовқа тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.