О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 1993 года N 630 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 20 шілдедегі N 630 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Ескету Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 187 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi мен шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегі N 630 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 352-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi туралы ережеде: 5-тармақтағы "ұйымдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iссапарларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. "Лауазымды тұлғаларды мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен шетелге iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдерi бойынша жүзеге асырылады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.