О внесении дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении Положения "О порядке регистрации выпуска и погашения облигаций" от 20 декабря 1996 года N 156 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында облигацияларды орналастыру және айналысының рәсiмiн оңтайландыру мақсатында "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының 10-бабы екiншi азатжолының, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының 33-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3), 17) және 22) тармақшаларының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн: жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 28 ақпанда 263 нөмiрмен тiркелген Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ережеге (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1997 ж., 92-100-беттер; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 2000 ж, N 5(10), 12-бет):
Тармақша 1
1) N 1а қосымша мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын: "7-1. Егер эмитент ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында облигацияларды орналастыруды және/немесе айналысын жобаланған жағдайда - сауда-саттық ұйымдастырушының осы облигацияларды осы сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу мүмкiндiгi туралы қорытындысы (листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсетумен).";
Тармақша 2
2) N 2 қосымшаның 17-тармағы мынадай мазмұндағы д-1) тармақшамен толықтырылсын: "д-1) эмитенттiң облигацияларды листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсете отырып сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу бастамасы жөнiндегі ниетi туралы мәлiмет;".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) мемлекеттік емес облигациялар эмитенттерінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) мемлекеттік емес облигациялар шығаруға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.