О внесении изменений и дополнений в Положение о порядке наложения дисциплинарных взысканий на государственных служащих Республики Казахстан, утвержденное Указом Президента Республики Казахстан от 20 декабря 1996 года N 3279 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 21 қазандағы N 3705 Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: V тараудың 2-тармағында: 1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: "1) Мемлекет басшысы тағайындайтын қызметшiлерге, Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi мен олардың орынбасарларына өз бастамашылығы бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртiптiк кеңесiнiң ұсынуы бойынша, осы қызметшiлердiң тiкелей басшыларының немесе Мемлекет басшысы уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қолдануы мүмкiн"; 3) тармақшадағы "Үкiмет Аппараты", "оның Аппараты" сөздерi тиiсiнше "Премьер-Министр Кеңсесi, "оның Кеңсесi" сөздерiмен алмастырылсын. "Үкiмет Аппараты" сөздерiнен кейiнгi "орталық атқарушы органдар" сөздерi алынып тасталсын. 4) тармақшадағы "Үкiмет Аппаратының", "оның Басшысы", "оның Аппаратының" сөздерi тиiсiнше "Премьер-Министр Кеңсесiнiң", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң" сөздерiмен алмастырылсын; V тарау мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерiне және олардың орынбасарларына қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк кеңесi қарап, кейiннен олардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң деңгейi жөнiнде Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi"; V тараудың 3-7-тармақтары тиiсiнше 4-8-тармақтар болып саналсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.