О внесении изменений и дополнения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении Положения "О порядке регистрации выпуска и погашения облигаций" от 20 декабря 1996 года № 156" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.2003 № 385 (ҚР ӘМ мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді) қаулысымен. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының 10-бабы екiншi азатжолының, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының 33-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағы 3) тармақшасының негізiнде Ұлттық комиссия қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн: жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 28 ақпанда 263 нөмiрмен тiркелген Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ережеге (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1997 ж., 92-100-беттер):
Тармақша 1
1) 4-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "11. Облигацияның атаулы құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де және шетелдiк валютамен де белгiлене алады және бiр эмиссияның барлық облигациялары үшiн бiрыңғай болу керек.";
Тармақша 3
3) 12-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 4
4) мынадай мазмұндағы 21-1 тармақпен толықтырылсын: "21-1. Осы Ереженiң 21-тармағының күшi жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген облигациялардың жаңа шығарылымдарына (ипотекалық облигацияларға) қолданылмайды.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) мемлекеттiк емес облигациялар эмитенттерiнiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) мемлекеттiк емес облигациялар шығаруға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.