О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1996 года № 760 и от 10 декабря 1996 года № 1511 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.11.2003 № 1140 қаулысымен. "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) және "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 шiлдедегi N 760 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 251-құжат): аталған қаулымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi Ережеде: 16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне жеке меншiк құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ақысыз берiледi. Бұл жұмыстар жерге орналастыруды жүргiзуге көзделген бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады"; "Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 491-құжат): Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiнде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнына ақыны мерзiмiн үш жылға кейiнге қалдыра отырып төлей алады".