О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1997 г. N 1001 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 28, 251-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "1997" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақта: бiрiншi абзац "салықтарды" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацта: "салық сомаларын" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын; "өсiм" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.