О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 августа 1997 года N 1272 и от 31 марта 1999 года N 343 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1)
күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 545 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақша 2
2) "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 105-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген нарықтық қатынастар субъектiлерi заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттiк монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер.";
6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 545 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі