О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 августа 1997 года N 1272 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2007 N 545 (09.08.2007 қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 38, 365-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге: 3-тармақтағы "немесе патентiнiң" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтың төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.". 18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; 20-тармақта "лицензиар" деген сөз алынып тасталсын; 23-тармақта: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi"; үшiншi абзац алынып тасталсын; "III бөлiм. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын талаптар" атауындағы "талаптар" деген сөз "бiлiктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "24. Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар: Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi: мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл еңбек стажы болуы; мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi болуы; қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы; СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейiндегi технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы тиiс. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi: арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша: жоғары бiлiмi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы орта мал дәрiгерлiк бiлiмi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы болуы; қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы (сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы; денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы тиiс. 25-тармақ алынып тасталсын. 26-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiк комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.