О внесении изменений и дополнения в некоторые акты Президента Республики Казахстан и признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан от 20 января 1997 года № 3330 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қызметкерлерінің еңбекақысы мен штат санының лимитін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 463-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережеде, 5-тармақта: 31) тармақшаның екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Аталған қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі;"; 32) тармақша алынып тасталсын; 20-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын; 21-тармақтағы "(еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығыстардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын; 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат): жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 87".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы" 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің шешімдерін осы Жарлықтың талаптарына сәйкес келтірсін, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.