О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 20 октября 1997 г. № 3700 "Об объявлении города Акмолы столицей Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 28.07.2000 № 421 жарлығымен.
"Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 Жарлығына сәйкес және бюджет жүйесiнiң теңгермелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. "Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 9 қазандағы N 3127 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 41, 383-құжат) бекiтiлген Ақмола арнайы экономикалық аймағы туралы ереженiң "Қаржы" деген IV тарауының 14-тармағы алтыншы абзацының күшi тоқтатыла тұрсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтың 1-тармағы күшiнде болатын кезеңге Ақмола арнайы экономикалық аймағының бюджетiнен жасалатын аударымдардың мөлшерiн белгiлесiн.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.