О внесении изменения в совместный приказ Комитета Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции и Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан "Об утверждении "Правил передачи электроэнергии по электрическим сетям регионального и/или местного уровней" от 20 ноября 1998 года N 23-ОД и N 239, зарегистрированного Министерством юстиции Республики Казахстан 4 марта 1999 года N 699 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1999 жылғы 4 наурызда 699-шы нөмiрмен тiркеген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң "Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегі электр жүйелерi бойынша беру Ережелерiн" бекiту туралы" 1998 жылғы 20-шы қарашадағы N 23-ОД және N 239-шы бiрлескен бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгі мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Бұйырады:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң 1998 жылғы 20 қарашадағы N 23-ОД және N 239-шы бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1999 жылғы 4 наурызда 699-шы нөмiрмен тiркеген "Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегi электр жүйелерi бойынша беру Ережелерiне" берiлiп отырған өзгерiстер бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы өзгерiстер Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Монополияға қарсы заңдылықтың орындалуын қадағалау департаментi мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Электр энергетикасы мен қатты отын департаментiне жүктелсiн.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 1999 жылғы 4 наурызда 699-шы нөмiрмен тiркеген "Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегі электр жүйелерi бойынша беру Ережелерiн" бекiту туралы" 1998 жылғы 20-шы қарашадағы N 23-ОД және N 239-шы бiрлескен бұйрығына өзгерiстер
Қазақстанның Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 04-ОД, N 73 бірлескен бұйырығына қосымша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 1999 жылғы 4 наурызда 699-шы нөмiрмен тiркеген "Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегі электр жүйелерi бойынша беру Ережелерiн" бекiту туралы" 1998 жылғы 20-шы қарашадағы N 23-ОД және N 239-шы бiрлескен бұйрығына өзгерiстер Ережелердiң 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегi жүйелер бойынша берудi жүзеге асыратын электр жүйесi компаниясы, өзiне өтiнiш берген әрбiр нарық субъектiсiмен мынадай жағдайларда келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi:
Тармақша 1
1) егер электр энергиясы сыртқы энергия өндiрушi ұйымнан аймақаралық деңгейдегi электр жүйелерi бойынша берiлген жағдайда аймақаралық және аймақтық деңгейдегi жүйелер шекарасында өтiнiш берiлген қуат 1 МВт-тан кем болмаса;
Тармақша 2
2) егер оның немесе оның тұтынушысының электр энергиясы (егер электр жүйесi компаниясы электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын болса) және/немесе оны беру үшiн электр жүйесi компаниясы алдында берешегi болмаса;
Тармақша 3
3) егер өтiнiш берiлген қуаты 750 кВА және одан да көп тұтынушының есептiк ақпаратты кемiнде 3 ай мерзiмге сақтай отырып тәулiк аймақтары бойынша (берiп тұру кестесiне сәйкес) қуатты тұтынуды бақылауға мүмкiндiк беретiн немесе осы ақпаратты техникалық операторға автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн электр энергиясын коммерциялық есепке алатын аспаптары бар болса;
Тармақша 4
4) егер тұтынушының 750 кВА-ға дейiн өтiнiш берiлген қуаты бар болса және Электр энергиясын пайдалану ережелерiне сәйкес (Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996 жылғы 5 желтоқсанда 169-шы нөмiрмен бекiтiп, Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 28 сәуiрде 293-ші нөмiрмен тiркелген) белгiленген үлгiдегi индукциялық типтi коммерциялық есепке алу аспаптарымен жарақтандырылса. Егер тапсырысшының тұтынушыларында 3, 4 тармақшаларда көзделген есепке алу аспаптары жоқ болса, онда тапсырысшының өтiнiшi бойынша электр жүйесi компаниясы оларды тапсырысшымен немесе оның тұтынушысымен келiсiлген мерзiмде тапсырысшының немесе оның тұтынушысының есебiнен орнатуға мiндеттi".