О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 мая 1999 года N 592 и от 3 ноября 1999 года N 1645 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 және 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N 993 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
қаулысында:
екінші абзацтың 3-тармағындағы "237" деген сан "252" деген санмен
ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645
қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымындағы:
"Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі
Заң бөлімі
Ақпараттық-талдау бөлімі" деген жолдар мынадай жаңа редакцияда
жазылсын:
"Үкіметтік ақпарат бөлімі
Заңдар, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
Жиынтық талдау бөлімі".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.