О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 1999 года N 82 "Об установлении тарифов Национального Банка Республики Казахстан за услуги по кассовому обслуживанию банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 746 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 746 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188  Жарлығына  сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 746 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 26 сәуір - 9 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1290 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына N 1 қосымшаға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381  қаулысымен  бекітілген өзгерісімен және толықтыруымен және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1425 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына N 1 қосымшаға толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14  қаулысымен  бекітілген толықтыруымен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін ақы алу ережесін бекіту туралы"; 2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігіне жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. Ұлттық Банк Төрағасы