О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 марта 1999 года № 88 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде: 8-тармақтың бірінші бөлігінде «Сенатының Төрағасы» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                         Н. Назарбаев