О внесении изменений в решение от 20 января 2000 года № 799 "О создании конкурсной комиссии по организации и проведению конкурсов по допуску предприятий к диагностированию технического состояния транспортных средств перед техническим осмотром" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсіпорындардың қатысуына рұқсат ету жөнінде конкурстар ұйымдастыру мен өткізу жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 799 шешімге өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 17 наурызда № 8 шешімімен. Ұйымдастыру-штаттық және кадрлық өзгерістерге байланысты, сондай-ақ еншілес кәсіпорындар мен бас фирмалар филиалдарының техникалық байқау алдында көлік құралдарының жағдайын диагностикалауға қатысуға рұқсат ету жөніндегі конкурсқа қатысуларын тәртіпке келтіру мақсатында шешім қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға кәсіпорындардың қатысуына рұқсат ету жөнінде конкурстар ұйымдастыру мен өткізу жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 799 шешімге  мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) № 1 қосымшаға: - 1 - тармақшадағы "Жұмаділов Е.С." сөзі "Әділбаев Ж.Т." сөзімен ауыстырылсын; - 5 - тармақшадағы "Казахстанский ЦСМС" РМК" сөзі "Сараптау мен сертификациялаудың ұлттық орталығы" сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) № 2 қосымшаның 2.2 тармақшадағы "Еншілес кәсіпорындар, бас фирмалардың филиалдары ерікті кәсіпорын ретінде конкурсқа қатысады" деген сөздер "Әрбір еншілес кәсіпорынға немесе бас фирмалардың филиалына жеке конкурстық ұсыныстар беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.