О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения валютных операций в Республике Казахстан" от 20 апреля 2001 года N 115 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 115 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзудi реттейтiн заңдарды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 115 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiндегi:
Тармақша 1
1) 19-тармақтың: бiрiншi азатжолының бiрiншi сөйлемiндегi "арнап" деген сөзден кейiн "iссапарлар жүзеге асырылғанға дейiн" деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi сөйлемiндегi "есепшоттарға" деген сөзден кейiн "iссапар мерзiмi аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 3-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: "22-1. Резидент заңды тұлғаның мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заем шарты бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшiн сатып алған шетел валютасы резидент заңды тұлға ашқан уәкiлеттi банктердегi арнайы есепшоттарға есептелуге тиiс. Осы есепшоттардағы шетел валютасын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.";
Тармақша 3
3) 23-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "23. Резидент заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына және банк iсiнде қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiне сәйкес пайдаланылатын, есеп айырысудың аккредитивтiк нысанын көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша резидент еместермен есеп айырысу үшiн қажеттi шетелдiк валюта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аккредитивтiк қолданылу мерзiмiне сатып алынады";
Тармақша 4
4) 29-тармақтың: бесiншi азатжолындағы "екiншi" деген сөзден кейiн ", үшiншi" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын: "Уәкiлеттi банктер Қазақстан Республикасының валюта заңдарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiлетiн валюта операциясына қатысты қосымша қажеттi ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы.";
Тармақша 5
5) 33-тармақтағы "көзделген тәртiппен" деген сөздер "көзделген талаптарды ескере отырып және тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 34-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Заңды тұлға құрмай инвестициялық немесе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлғаларға пайдалану тәртiбi осы Ереженiң 3 және 4-тарауларына сәйкес белгiленетiн шетел валютасымен банктік есепшот ашылады.";
Тармақша 7
7) 35-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Уәкiлеттi банктер жеке тұлғалар уәкiлеттi банктерге тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды (шарттар, келiсiм-шарттар, келiсiмдер, инвойстар және басқалары) бергенде ғана резидент еместердiң пайдасына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде резидент емес жеке тұлғалардың және резидент жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс төлем жасайды және/немесе ақша аударады. Мұндай құжаттарды беру мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi банк жеке тұлға төлем тапсырмасына уәкiлеттi банкке олардың талап етуi бойынша құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке жүргiзiлетiн ақша төлемi және/немесе аударымы бойынша ақпарат беруге рұқсат беретiн жазбалар жасаған кезде ғана төлем және/немесе ақша аударымын жүргiзедi. Жеке тұлға күнтiзбелiк ай өткеннен кейiн бiр айдың iшiнде баламасы елу мың АҚШ долларынан астам сомаға осы тармақта келiсiлген құжаттарды бермей-ақ резидент еместiң пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүргiзген кезде, уәкiлеттi банк күнтiзбелiк ай аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде осы жеке тұлға (жiберушiнiң аты-жөнi, бар болса - СТН) және ол өткiзген төлем және/немесе ақша аударымы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке беруге мiндеттi.".
Тармақша 8
8) 40-тармағындағы "шектеусiз" деген сөзден кейiн "Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 9
9) алтыншы азатжолдың 43-тармағындағы ", сондай-ақ банктiң алушының жеке басының ұқсастығын анықтауына мүмкiндiк беретiн басқа да деректер" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 10
10) алтыншы азатжолдың 44-тармағындағы ", сондай-ақ банктiң жiберушiнiң жеке басын бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiн басқа да деректер" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 11
11) 51-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілді 2002 жылғы 31 қаңтар